Арнайы қабылдау өткізді

0

Мойынқұм ауданының әкімдігінде аудан әкімі Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаев Наурыз мерекесінің қарсаңында арнайы қабылдау өткізді.
Оған Мемлекеттік қызметтен зейнетке шыққан Махметәлі Тоқсабаев, Мұханбетқұл Сабыров, Светлана Самалдықова бастаған еңбек ардагерлері мен Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алғаш рет алатын азаматтар Төркінбаева Жәудір, Орынхан Айғаным, Әбіл Санжар, Құраласбай Нұрасыл қатысты.
Тәуелсіздік жылдары есейген жастардың көз алдарында еліміз гүлденіп, дамып келе жатыр. Бойларындағы ерік-жігер, қарым-қабілет, білім қуатты Қазақстанның қалыптасуына көп үлес қосады. Ата-аналары аман болып, ашық аспан астында бақытты өмір сүріп, алдағы күндеріне сәттілік, әрқайсысың өмірден өз орындарыңды тауып, сүйікті істеріңнің нағыз маманы болыңдар деген тілек білдіріліп, аудан әкімінің арнайы құттықтауы мен естелік сыйлықтар табысталды.
Жеке куәліктер табысталған ауданымыздың жас тұрғындары алғашқы құжаттарын салтанатты шарада алғандарына риза болып, аға буын өкілдеріне өздерінің тілектерін жеткізді.
Мемлекеттік қызметтен зейнетке шықса да күнделікті аудандағы ауқымды іс-шаралардың алдыңғы қатарында жүрген сала ардагерлерімен пікір алмасып, татулық пен ынтымақтың, береке мен бірліктің, еңбек пен молшылықтың мейрамы Әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Ел ішіндегі татулықты ту етіп, бірлікке шақырып жүрген ардагерлер елімізге келіп жеткен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен аудан халқын құттықтап, өздерін елеп-ескергендігі үшін алғыстарын білдірді.
Кездесудің соңында аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері әнмен шашу жолдады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.