Айнадай болсын айналаң

0

Қала келбеті тек қана сән-сәулеті келіскен ғимараттармен, жасыл желекті саябақпен өлшенбейді.

Жыл сайын көркейіп келе жатқан Жаңатастың ажары оның тазалығымен де тікелей байланысты.

Бұл мақсатта атқарылып жатқан жұмыс сан алуан.

Ауданда көктем шығысымен тазалықты ретке келтіру ісі ширай түсіп, серпінді сенбіліктер де жүргізілуде.

Өткенде ғана жауған қалың қардан көшелер тазартылып, тұрғындар да өз үлестерін қосуда.

Бүгін Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев қала көшелері мен мекеме кәсіпорын, шағынаудандарды жаяу аралап шықты.

Бірқатар кемшіліктерді ескертіп, тез арада қалыпқа келтірілу қажеттігін ескертті.

Мұндағы мақсат біреу- қала тазалығын ретке келтіру.

Ауданда сақтық шараларын қалыптастыру, індеттің алдын алу.
Осындай мақсаттағы танысу, аралау жұмыстары тек қала да ғана емес барлық ауылдық округтерде жалғасын таппақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.