Шығармашылық көрме өтті

0

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Сарысу ауданы білім бөлімінің Техникалық шығармашылық орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай 19.03.2021ж күні санитарлық талаптарды сақтай отырып, жастехниктер мен өнертапқыштардың ( әуе, авто, кеме, техникалық және т.б модельдерін жасау бойынша) «Өнерлі қол – бақытқа жол» атты мекемеішілік шығармашылық көрмесі өткізілді. Көрме арнайы жасалған бағдарлама бойынша өткізілді. КөрменіБайқадам ауылдық округ әкімшілігінің бас маманы Құлыбек Жамбыл Қайратұлы мен бөлім меңгерушісі Жақсыбаев Өмірсерік Әбітайұлы ашып, оқушылар мен ұстаздарға шығармашылық табыс тіледі. «Техникалық көркем еңбек» үйірмесінің оқушысы Мәжит Медина Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына жыр шумақтарын арнады. Одан кейін сөз алған орталық директоры Мельдеев Мұхтар Ибрагимұлы орталықтың тыныс тіршілігімен қысқаша таныстыра келе оқушылардың өз ой туындыларынан жасалған шығармашылық көрмені аралап көруге шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.