Семинар-сабақ өткізді

0

Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы 326-1 Заңының 11-баптың 1-тармақшасы бойынша Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары ведомстволық және жеке архивтерде уақытша сақталу сатысынан өтеді. Содан соң Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауға ауданның мемлекеттік архивіне берілуі тиіс. Осы заңның 8-бабы Заңды тұлғалар қайта құрылған не таратылған жағдайда архив құжаттарын өткізсе, 3-тармақшасы бойынша заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған кезде Ұлттық архив қорының құжаттары және жеке құрам жөніндегі құжаттарын ретке келтірілген түрде құқық мирасқорларына берiледi.

Аудан әкімдігі білім бөлімі ауданның коммуналдық меншігінен Жамбыл облысының коммуналдық меншігіне қабылдануына байланысты аудан әкімдігінің білім бөлімі және білім бөліміне қарасты барлық мекемелердің құжаттары ауданның мемлекеттік архивіне ретке келтірілген күйде тізімдемелер жасалынып, мемлекеттік тұрақты сақтауға құжаттарының берілуі, істерді тапсыру істер тізімдемесі мен істер номенклатурасы бойынша жүзеге асырылады. Осыған орай «Сарысу ауданының мемлекеттік архиві» КММ-нің бас қор сақтаушысы А.Үкіжанова білім бөлімінің басшысы И.Баймағамбетовтың ұйымдастыруымен білім бөліміне қарасты барлық 48 мемлекеттік мекемелерге семинар-сабақ өткізді. мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына, Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.