Басты мақсат – қоғамға бейімдеу

0

Баға жетпес бостандықтан тұсалған жандарға «адасқанның алды жөн, арты соқпақ» екенін ұғындыру, олардың түзу жолға түсуіне көмек қолын созу – тез арада түйіні тарқатылуы тиіс мәселелердің бірі. Өйткені бүгін мерзімін өтеп шыққандар қоғамға бейімделе алмай, ертең темір тордың арғы жағына қайта сапар шекпесіне кім кепіл?

Жуырда Т.Рысқұлов аудандық пробация қызметі бөлімі және аудандық ішкі саясат бөліміне қарасты жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Сеніммен алға ұмтыл» атты кездесуде дәл осы мәселелер майшаммен қаралды. Басқосуға жастар ресурстық орталығының маманы Жазира Шелібаева, теолог Нұрлан Төленді сондай-ақ пробация қызметкерлері, психолог мамандар және пробациялық бақылауда тұрған сотталған азаматтарды қатысты.

Кездесу барысында мамандар кез келген адамға әлі де түзелуге, жаңа өмір бастауға мүмкіндік барына, бүгінде мемлекет тарапынан сотталғандарды күнделікті өмірге бейімдеу үшін түрлі жеңілдік жасалып жатқанына тоқталды.

Жалпы, мерзімді жазасын өтеп, бостандыққа шыққаннан кейін де сотты болғандарды өмір бойы өкшелеп қалмайтын кедергілер бар екендігі жасырын емес. Себебі, «сотталған» деген аттан үріккен кейбіреу¬лер оларға сенім артудан да қауіптенеді. Жұмысқа алмайды. Адамдардың сенімсіздігінен, қоғамның қатаңдық танытуынан жан күйзелісіне түскен олардың «ұшқан ұясына» қайтып оралып жататындығы да сондықтан.

Міне, дәл осындай кездесулер аталған олқылықтардың орнын толтырудың таптырмас мүмкіндігі. Себебі, мұндай басқосулар арқылы түзету мекемелерінен шыққандарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетіліп, олардың жұмыссыздардың қатарын азайтуға септігін тигізері анық.

Жайық Нұрғали,
Т.Рысқұлов аудандық пробация қызметінің аға инспекторы

Leave A Reply

Your email address will not be published.