«Бейбітшілік пен келісім» ұйыстырар ел ішін

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен өткен жылы республика көлемінде алғаш рет Жамбыл облысында өткізілген «Бейбітшілік пен келісім» жобасы облыс көлемінде 1 наурыздан қайта бастау алып, «Этнос және конфессияаралық келісім» тобы, «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу және бизнесті дамыту» тобы, «Құқық қорғау саласы» сияқты 3 жұмыс тобы құрылды.

Жоба жұмысшы топтарының негізгі мақсаттары облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, білім беру мен медициналық қызметтер сапасын жақсарту, облыс жұртшылығының діни білім деңгейін көтеру,  азаматтарға арналған жылжымалы қабылдау өткізу, әлеуметтік мәселелерін шешу, бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін ұйымдастыру, халыққа несие беру бойынша кеңес беру, халықтың әлеуметтік осал топтарының мәселелерін шешу, заң аясында көмектесу, бизнесті қолдау және дамыту бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу.

Өткен жылы нәтижелі аяқталған жоба қазірдің өзінде Меркі, Шу, Байзақ және Жамбыл аудандарында жемісті басталып, барлығы-430 іс-шара ұйымдастырылды. Жобаға 10400-ден аса адам тартылды. 72 қоғамдық қабылдау мен 110 кездесу өтіп, 600-ге жуық азаматтың мәселесін шешуге көмек берілді. 250-ден астам азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, 150-ге жуық тұрғынының қайтарымсыз грант алу мәселесі шешілді. 241 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 29 жас жастар тәжірибесіне жолдама алды.

Құқық қорғау саласы тобының мүшелері 367 адам қамтылған 18 іс шара өткізіп, 89 адамға заңнамалық кеңес берді.

Жобаның жұмыс тобы құрамына облыс аумағындағы барлық құқық қорғау және мемлекеттік органдар мен қатар басқармалардың мамандары енгізілген.

Осы мақсаттағы жұмыстар қалған Талас, Сарысу және Қордай аудандарында 16-27 наурыз аралығында өтетін болады.

Бұл аудандардың тұрғындары түйінді мәселері мен көкейде жүрген сұрақтары болса ұйымдастырылатын жобаның жұмысшы тобымен кездесіп, назарларына жеткізуге мүмкіндіктері бар.

Жоба жұмысын аяқтаған соң тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша жол картасы жасақталып, орындалуы қадағаланатын болады.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.