Полиция департаментінің бастығы — Жамбыл ауданында

0

Бүгінде қылмыстың қай түрі болмасын, ұры-қарылардың айла-амалдарын әшкерелеп, халыққа алаяқтардың құрығына түсіп қалмас үшін қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға үлес қосып жүрген полиция қазметкерлері мен ардагерлеріне қандай құрмет көрсетсе де жарасады.
Осы тұрғыда күні кеше күні аудандық полиция бөліміне арнайы келген Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-мойоры Жанат Сүлейменов полиция бөлімінің жыл ішінде атқарған жұмыстарына назар салып, ұзақ жыл қызмет атқарып, бүгінде жастарға үлгі болып жүрген ардагерлерге алғысын жеткізді.
Әуелі аудандық полиция бөлімінің 2020 жылы атқарған жұмысына назар аударған департамент бастығы мал ұрлығы, кісі өлтіру, жол апаты, ауыр санаттағы бөтеннің мүлкін ұрлау сияқты қылмыстарды ашу бойынша жауапкершілікті қатаңдату керектігін ескертіп, бөлімнің жұмысын оң бағалады.
Аудандық полиция бөлімінің бастығы Талғатбек Татеновтің есепті баяндамасын назарға алаған генерал қоғам мен мемлекет мүддесі үшін ішкі істер органдарының жетілуі мен нығаюы бағытында жас мамандарды тәрбиелеудегі белсенділігі, сондай-ақ қылмыспен күресуде және қоғамдық тәртіпті қорғауға қосқан зор үлесі үшін бірқатар полиция ардагерлерін, атап айтқанда, Сәпілмәлік Тәжиевке, Раззақбай Аманбековке, Едігеш Сұлтановқа, Дәурен Оразқұловқа, Полатқосшы ауылдық округінің әкімі Ержан Данаевқа Алғыс хатын табыс етті.
Басқосуда сонымен қатар 2020 жылдың жұмыс қорытындысы, ҚР Парламенті мәжілісі депуттатарының кезекті сайлауы және жаңа жылдық мереке күндері қызмет өткерудің күшейтілген кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға қосқан зор үлесі үшін АПБ ТБ аға тергеуші Балжан Құтжанованы, АПБ КПБ ж/у полиция капитаны Самат Ақанды, Бағлан Сияқұловты, АПБ ЖПҚб УПИ полиция капитаны Ағабек Байділдаевты, Олжас Мырзахановты, ЖПҚб УПИ қоғамдық көмекшісі Абзал Әкімбековті марапаттады.
– Полицейдің бір аты – сақшы. Демек біз адамдардың өмірін сақтаушымыз. Қауіп-қатерден, ұры-қарыдан, жаман ниеттілерден қорғаушымыз. Қоғамдық тәртіпті сақтауда да сақ болуымыз керек. Әр полиция қызметкері осы ұстаныммен жұмыс істеуі тиіс. Сонда елдің құрметіне бөленіп, сеніміне ие боласың, – дейді ауданның Құрметті азаматы, ҚР Ішкі Істер органдарына еңбегі сіңген қызметкері Сәпілмәлік Тәжиев, БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.