«Ашық есіктер» күні өтті

0

Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінң қызметкерлері №16 Өрт сөндіру бөлімінде «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында «Ашық есіктер» күнін  өткізді.

Өрт сөндірі бөлімінің «Ашық есік күніне» Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты. Жиын барысында оқушыларға өрт техникасының, өрт-техникалық қару жарағының және олардын қолдану мақсатымен таныстырылды.

Өрт қауіпсіздігі туралы ақпараттар беріліп, Төтенше жағдай орын алғанда ең алдымен не істеу керек? Кімді көмекке шақыру керек? Оттан өзімізді қалай алып шығамыз? — деген сұрақтар төңірегінде кеңінен сұхбат жүргізілді.

«Қауіпсіз балалық шақ» акциясы қандай да бір төтенше жағдай орын алғанда алғашқы іс әрекеттерді біліп жүрсін деген мақсатта жүргізілді.

Есте сақтаңыздар! Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау — әркімнің міндеті мен борышы.

Ә.Бекенов,

Сарысу ауданының ТЖ бөлімінің аға инженері,
азаматтық қорғау лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.