Ардагерді мерекемен құттықтады

0

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесі бастығының орынбасары әділет капитаны Нұржан Кутумбетов аталған саланың дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагер аналарды 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні мейрамымен құттықтады.

Ол ҚАЖ саласының ардагері, Надежда Корепанованың шаңырағына арнайы барып, мекеме бастығы әділет полковнигі Бауыржан Сауранбаевтың атынан халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, сый-сияпат көрсетті. Көктемнің шуақты мерекесінде ақ жаулықты анаға гүл шоғын табыс етіп, игі тілегін жеткізді. Өз кезегінде ардагер ЖД-158/1 мекемесінің басшылығына шексіз ризашылығын білдірді.

Ербол Амиров,
ЖД-158/1 мекемесі бастығының кезекші көмекшісі, әділет капитаны

Leave A Reply

Your email address will not be published.