Халықаралық мерекемен құттықтады

0

Шу аудандық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің бастамасымен Төле би ауылдық округінің әкімінің демеушілігімен «Еңбек – ел мұраты» арнайы жобасы аясында ақылы қоғамдық қызметкерлерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Қытымыр аяз бен аптап ыстыққа қарамастан маусымдық жұмысты мүлдіксіз орындайтын ауылдық округ ішінен тартылған 30 азаматша бар. Округ әкімі Азамат Серікұлы осы жандардың еңбегін бағалап, атаулы күнде арнайы келіп құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Өз кезегінде қоғамдық қызметкерлер де алғыс сөзін айтып, ағынан ақтарылды.
Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде “Еңбек – елдің мұраты” жаңа жобасын енгізу қазақстандықтарға тек ересек адамның ғана емес, сондай-ақ өскелең ұрпақтың да еңбекке деген сүйіспеншілігін қажырлы еңбектің арқасында жетістікке жеткен адамдардың беделін арттыру арқылы сіңіруге көмектеседі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.