Бейбітшілік және келісім үшін

0

Бүгін «Бейбітшілік және келісім» жобасы бойынша облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен ауданымызға үш бағыт бойынша жұмыс тобы келді. Көбіне топ әлеуметтік-тұрмыстық және кәсіпті дамыту бойынша, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, құқық қорғау саласы бойынша болды.
Осыған байланысты аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Нұржан Календеровтың және бірқатар мекеме басшыларының, қала және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен үш күнге созылатын жоба жұмысы таныстырылған жиын өтті.
Атап өтерлігі, жоба жұмысы тек күнделікті тұрмыстағы мәселелерді шешіп қана қоймай, қазақ тілін латын графикасына көшіру жайлы түсіндіріліп,, «QazOnline» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері айтылды.
Сонымен қатар, жұмысшы топ мүшелері жастармен кездесу өткізіп, этнос өкілдерімен жүздеседә және аудан көлеміндегі насихат жұмыстары мен билбордтарға анализ жасап, қарттар мен жастар арасында музыкалық фестиваль өткізіп, жалпы алғанда аудан тұрғындарымен жан-жақты кездеседі.
Одан бөлек, құқық қорғау органы өкілдері мен аудандағы терроризммен күрес комиссиясымен ауылдық округтерде теріс ағымды діндердің алдын алуға байланысты жастар арасында семинар өтеді.
Жалпы насихат тобының үш күнге созылатын сапары жоғарыда аталған жоспар бойынша өтіп, соңында аудандық әкімдікте актив жиыны өтіп, сапар нәтижесі талқыланады.

* * *

Мәжіліс залындағы жиныннан кейін конференц-залда «Бейбітшілік және келісім» жобасы бойынша облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ақтолқын Искалиеваның қатысуымен аудандық ономастикалық комиссия мүшелерінің жиыны өтті.

Жиын барысында қатысушылар көше, алаң, саябақ, аттарын өзгерту және осыған байланысты туындаған мәселелерді шешу жолын талқылады.
Көбіне мұндай сауалдарды ҚР мәдениет қайраткері, ақын Б.Асқартегі, аудандық архив бөлімінің басшысы Е.Расилов көтерді. Мәселен, Б.Асқартегі Төле би ауылының орталығы үлкен мәнге ие «Қазақ хандығы» деп атауды ұсынды. А.Искалиева шулықтардың пікірімен қосылғанымен, әр нәрсенің өзіндік заңы бар екендігін түсіндірді.

Кездесу соңында облыстан келген қонақтар қатысушыларға алғысын білдіріп, ортаға салынған сұрақтарды ретімен өз шешімін табатынын тілге тиек етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.