«Өлең сөздің даңғылы – бар қазақтың Жамбылы»

0

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жыр алыбы  Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Өлең сөздің даңғылы – бар қазақтың Жамбылы» атты  жыр додасын өткізді.  

Сөз мәйегін кие тұтқан абыз жыраудың шығармашылығын, рухани бай мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жыр додаға жергілікті  айтыскер ақындар Ғабит Есдәулет, Дидар Апбасов, Шапағат Әбдірұлы, ақын-журналистер Нұржан Қадірәлі, Наурызбек Сарша, Жұматай Көксубайұлы, сондай-ақ, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенттері мен  мектеп оқушылары қатысты. Ал аудандық кітапхана қызметкерлері мен тұрақты оқырмандар ZOOM платформасы арқылы онлайн байланысқа қосылып, өз ойларын ортаға салды.

Алғашқылардың бірі болып сөз алған Ғабит Есдәулет ақынның  өмірі мен шығармаларының тарихына терең бойлап, әлі де ашылмаған тұстарын зерттеуді жалғастыру керектігін жеткізіп, алда жоспарланған іс-шаралар  туралы ақпарат берді. Әрі қарай жиынға қатысушылар Жамбыл Жабаевтың айтыстағы айтылмаған сырлары мен әлі де толық таныла қоймаған қырларына кеңінен сөз етіп, одан әрі зерттеу жас ұрпақтың еншісінде екендігін тілге тиік етті.

Іс-шарада Дидар Апбасов қасиетті қара домбырамен  арнау өлеңін  паш етсе, студенттер мен оқушылар ақын жырларын жатқа оқыды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.