Тәуелсіз елде зорлық-зомбылыққа жол жоқ

0

Біз қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Біздің мемлекетіміздің ең басты құндылығы – адам бостандығы. Ал адамдар үшін бастысы – уайым-қайғысыз өмір. Адамдардың бас бостандығы мен оның құқықтарын қорғау, денсаулығын сақтау мен нығайту, бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу бұл конституциялық заңның басты талабы. Конституцияның талаптары қаншалықты орындалып жатқанымен, қоғамда зорлық-зомбылық проблемалары азаяр емес.
Бүгінгі қоғамда зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе бұл туралы ашық айтыла бермейді. Бұл, әрине, дұрыс емес. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған.
Зорлық-зомбылық – азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау, адам психикасына әсер етіп, қорқыту, тәнге жарақат салу және тағы басқалары.
Бұл ретте, Қылмыстық-атқару жүйесінде, оның ішінде ЖД-158/2 мекемесінде де аталған заңбұзушылықтарға жол бермеу бағытында нақты жұмыстар қолға алынған. Нәтижесінде, жазасын өтеуп жатқан азаматтардың құқықтары бұзылу дерегі тіркелген емес.

Адамның абыройы, құқықтары мен бостандықтарының құндылықтары идеясы ешқандай айырмашылықтарға тәуелсіз, ішкі саяси тұрақтылық пен азаматтық өмірдің кепілі, қоғамдық ынтымақтастықтың дүниетанымдық негізі бола алады. Ұлттық идеяның біріктіретін элементі ретінде адам құқықтары мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді. Тек әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарын мойындап, кепіл бергенде ғана құқықтық демократиялық мемлекет туралы сөз айтуға болады.
Қазақстан 1998 жылы БҰҰ Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясын ратификациялады. Осыған сәйкес құқықтық тәртіпті қолдау бойынша ешқандай лауазымды тұлға азаптау мен адамгершіліксіз немесе абыройды кемсітетін қарау мен жазалаудың басқа қатал түрлерін көрсететін кез келген әрекетке айдап салу немесе төзерлікпен қарауға, жүзеге асыруға құқығы жоқ.
Демек, түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан әрбір азамат өзінің Заңда көрсетілген құқықтарын толық пайдалана алады. Ал олардың бұзылмауы ЖД-158/2 мекемесінде қатаң қадағалауда болады.

Ерлан Оразгелдиев,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті

ЖД-158/2 мекемесінің бастығы, әділет полковнигі

Leave A Reply

Your email address will not be published.