Мешіт айналасы қалың қардан тазартылды

0

Мойынқұм аудандық пробация бөлімінің қызметкерлері игілігі мол, сауапты іс атқарды. Осынау игі іске пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар сондай-ақ еріктілер де өз үлестерін қосты.

Шынайы ықыласымен жақсылық жасағысы келгендер бұл күні Мойынқұм ауылы мешітінің ауласына тазарту жұмыстарын жүргізді. Таңертеңнен басталған қызу жұмыс барысында мешіттің айналасы мен мешіт ауласына кіретін жолдар толықтай қардан тазартылды.

Жалпы, қыс түскелі жиналып қалған қар, көктем айларында еріп, қиындық туғызары анық. Сол себепті де, аудан жастары қолдан келер көмегін беруді жөн санапты. Аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Нұрсұлтан Каиповтың айтуынша, осындай игі шаралар жазасын өтеген жастарды әлеуметке қосып, олардың қоғамда өз орнын табуына ықпал етеді.

Жеңіс Калымбетов,
Мойынқұм аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны

Leave A Reply

Your email address will not be published.