3 алтын, 8 күміс, 7 қола

0

Республикалық ғылыми жобалар байқауында Жамбыл облысынан 36 оқушы бақ сынап, 18-і жүлделі орындарға ие болды.
9-12 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауы өтті.
Жас дарын иелерінің білімі таразыға салынған сайыста Жамбыл облысының 3 оқушысы алтын, 8 оқушысы күміс және 7 оқушысы қола медаль жеңіп алды.
Олар «Үй жануарларына арналған ақылды автоматты тамақтандырғыш», «Лайланған суларды зерханалық жағдайда химиялық әдіспен тазарту», «Табиғи сазбалшықтардың негізіндегі алынған жаңа адсорбенттерди қолдану арқылы ағынды сулардың сапасын жақсарту» және өзге де өзекті тақырыптарда ғылыми жобаларын қорғап шықты.
Жас ғалымдар бәсекесі биыл санитарлық талаптарды сақтау мақсатында онлайн-режімде өтті.
Айта кету керек, байқаудың аудандық кезеңде – 1080, облыстық кезеңде – 324 оқушы өз білімдерін таразылады. Сайыстың қорытынды кезеңіне 36 жас зерттеушінің 16 ғылыми жобасы ұсынылды.
Жас ғалымдарды құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.