Тұрғындарға алдағы міндеттерді баяндады

0

Шу ауданы әкімінің 2020 жылы атқарылған жұмыстары жөнінде халық алдындағы есеп беру жиыны өтті. Есеп барысында аудан басшысы өңірде атқарылған жүйелі жұмыстар мен оңды өзгерістерді тілге тиек етіп, алдағы міндеттерді баяндады.

-Болашақ кепілі өскелең ұрпақ. Бұл тұрғыда Белбасар ауылындағы Ш.Уалиханов, Д.Қонаев ауылындағы Төле би, Шу қаласындағы Абай орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алға және Бірлікүстем ауылдарындағы

300 орындық жаңа мектеп, Қонаев ауылында 1 жекеменшік балабақша пайдалануға берілді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021 жылдарға» арналған бағдарламасы аясында 32 мектепке ішкі әжетханалар салынды. Барлық мектептер толық бейнебақылау камераларымен жабдықталды. 2021 жылға Төле би ауылындағы 300 орындық әл-Фараби мектебі

(830,0 млн) ғимаратының құрылысына, Шу қаласындағы Ы.Алтынсарин мектебіне (543,9 млн)қосымша ғимарат салуға қаржы бөлінді. Ауданда инвесторлар және жергілікті белсенді азаматтар тарапынан инвестициялар салуға қызығушылық жоғары. Осы мақсатта Тасөткел су қоймасында құны 2,2 млрд теңгені құрайтын «А-Т Энерго» ЖШС-нің су электр станциясының екінші кезеңі, Шу қаласында асфальт зауыты іске қосылды. Сонымен қатар, жалпы құны 5 млрд.теңгені құрайтын 4 инвестициялық жобаның (Шу қ.-элеватор, макарон цехы, битум зауыты, Бірлік а.-элеватор және көкөніс сақтау қоймасы) құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі 100,6%-ке, ауыл шаруашылығы саласының өнімі 103,2%-ке, құрылыс жұмыстары

100,2%, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 120,7% орындалды. Аудан экономикасының негізгі саласы ауыл шаруашылығы екені белгілі. Аталған салада өткен жылы 68,3 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, 113 мың гектар алқапқа дақылдар отырғызылды. 41 мың гектар орылатын ақ егіс алқабынан 93,5 мың тонна өнім алынды. Өткен жылы ауданымызға барлық мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 9,3 млрд теңге қаражат бөлініп, 230 жоба іске асырылды. Оның ішінде 3,5 млрд. Теңгеге 184,9 шақырымды құрайтын

158 жол жөндеуден өткізілді. Оның ішінде Шу қаласында -49, ауылдық елді-мекендерде -79көше жолы, сондай-ақ, облыстық маңызы бар Төле би- Ақтөбебағытындағы жолдар жөнделді. Балуан Шолақ-Жиделі бағытындағы жол құрылысы аяқталды. Нәтижесіндеқанағаттанарлық жағдайдағы барлық деңгейдегі жолдардың үлесі 70%-ті құрады,-деді Нұржан Сәбитұлы.

Жалпы ауданда іске асырылған жобалар шеңберінде 2020 жылы 7895 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Ақылы қоғамдық жұмысқа 2 667 адамғажолдама берілді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 1496 адам жұмыспен қамтылды.

2021 жылы Төле би ауылы Балуан Шолақ көшесінде орналасқан ескі ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, ауданаралық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығын ашу жоспарланған. Бұл жобаға облыстық бюджет есебінен 137,5 млн теңге қаржы қарастырылған.

Бүгінгі күнге аудандағы өзекті мәселелердің бірі тұрғын үймен қамту. Тұрғын үй кезегінде 1429 азамат тіркелген. Аталған мәселесін шешу бағытында Шу қаласы «Жетісу» ықшам ауданындағы 80 пәтерлік 3 үйдің құрылысына ЖСҚ дайындалып, бюджеттік өтінім берілген. Аталған үйлердің құрылыс жұмыстарына қаржы бөлінген жағдайда кезекте тұрған 240 азаматтың тұрғын үй мәселесі шешілетіндігі айтылды. Есепті кездесуде тұрғындар аудан әкіміне өз көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Жиын соңында Нұржан Календеров 2021 жылғы негізгі міндеттерге тоқталып, аудан тұрғындарын толғандыратын мәселелер кезең-кезеңімен шешілетіндігін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.