Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы тағайындалды

0

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департамент басшысы К.Кармандаевтың 12.02.2021 жылы 28-Ж бұйрығымен Қасабаев Сакен Иенбергенұлы Жамбыл облысы Қордай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Қасабаев Сакен Иенбергенұлы 20.08.1966 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қызылсай ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2001-2007 жылдар аралығында салық жүйесінде маман ретінде жұмыс атқарған, 2007-2021 жылдар аралығында Қордай ауданы бойынша салық басқармасы бастығының, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
Үйленген, 5 бала және 1 немере тәрбиелейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.