Инфрақұрылым – ел игілігіне

0

Шу қаласы  Қосқұдық мөлтек ауданы мен Оразалы батыр ауылдарында ауыз су құбырын тарту жұмыстары аяқталуға жақын.   Шу қаласы Қант зауыты мөлтек ауданы, Төле би ауылының солтүстік аумағына, Көкқайнар, Сауытбек, Еңбекші, Ақтөбе ауылдарын ауыз сумен қамтуға  ЖСҚ дайындалуда. Көктөбе ауылына ауыз су құбырын жүргізуге бюджеттік өтінім (760,0 млн тг) берілді.

Қазіргі уақытта, аудандағы 12 елді-мекен (Шу қаласы, Жаңажол, Көкқайнар, Белбасар, Еңбекші, Төле би, Бірлік, Қонаев, Көктөбе, Бірлікүстем, Алға, Сауытбек) толық газдандырылған. 7 елді-мекенге (Тасөткел су қоймасы, Аспара, Тасөткел, Жайсан, Оразалы батыр, Ақсу, Абай) магистральді газ құбыры тартылған. 2020 жылы Тасөткел су қоймасы және Жайсан ауылдарына бюджет есебінен ішкі газ құбыры жүргізілді.

Бүгінгі күнге магистральді газ құбыры тартылмаған 11 елді-мекен қалып отыр (Мойынқұм, Еңбек, Жиенбет, Ақтөбе, Балуан Шолақ, Бәйдібек, Бөлтірік, Далақайнар, Шоқпар, Шоқпар бекеті). Бұл жұмыстарды
2021 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

 Шу қаласында орналасқан «Теміржолшылар» және «Жеңіс» саябақтары қайта жаңғыртудан өткізілді. Шу қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласына 22 балаларға арналған ойын алаңдары мен спорт алаңдары (Қонаев, Шакиров, Панфилов, Түйебеков, Макаренко көшелері) салынды. Сонымен қатар, Шу қаласында  көпқабатты 9 үй ағымдағы жөндеуден өткізілді, оның 5-і бюджет есебінен, 4-і демеушілер есебінен атқарылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.