Шуда 9,3 млрд теңгенің 230 жобасы жүзеге асты

0

Өткен жылы Шу ауданына барлық мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 9,3 млрд теңге қаражат бөлініп, 230 жоба іске асырылды.

Оның ішінде 3,5 млрд. теңгеге 184,9 шақырымды құрайтын 158  жол  жөндеуден өткізілді. Оның ішінде Шу қаласында -49, ауылдық елді-мекендерде -79 көше жолы, сондай-ақ, облыстық маңызы бар Төле би- Ақтөбе бағытындағы жолдар  жөнделді.  Балуан Шолақ-Жиделі бағытындағы жол құрылысы аяқталды. Нәтижесінде қанағаттанарлық жағдайдағы барлық деңгейдегі жолдардың үлесі 70%-ті құрады.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Белбасар ауылындағы Ш.Уалиханов, Д.Қонаев ауылындағы Төле би, Шу қаласындағы Абай орта мектебінің  ғимаратын  күрделі  жөндеу  жұмыстары жүргізілді. Алға және Бірлікүстем ауылдарындағы
300 орындық  жаңа  мектеп, Қонаев ауылында 1 жекеменшік балабақша  пайдалануға берілді. 32 мектепке ішкі әжетханалар салынды. Барлық мектептер толық бейнебақылау камераларымен жабдықталды.

2021 жылға Төле би ауылындағы 300 орындық әл-Фараби мектебі (830,0 млн)  ғимаратының құрылысына, Шу қаласындағы Ы.Алтынсарин мектебіне (543,9 млн) қосымша ғимарат салуға қаржы бөлінді.

Осыған сәйкес, аудандағы апатты жағдайдағы және үш ауысымдағы мектептердің мәселесі  өз шешімін тапты. Тек Шу қаласы қант зауыты мөлтек ауданындағы жартылай апатты жағдайда Ғ.Мұратбаев мектебі қалып отыр. Мектепке жапсарлас қосымша ғимарат құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірленіп (410 млн), мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

9 елді мекенде (Жаңа жол, Көкқайнар, Сауытбек, Қонаев, Тасөткел, Балуан Шолақ, Жаңақоғам, Ақсу, Бірлік) спорт алаңшалары салынды.
Шу қаласындағы «Қайрат» стадионының күрделі жөндеу (57,0 млн тг)  жұмыстары аяқталды. Төле би ауылындағы спорт-сауықтандыру кешені пайдалануға берілді (266,9 млн тг). Абай ауылында демеушілер есебінен құны 200,0 млн теңге болатын  спорт кешені салынды. Тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар  40%-ті  құрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.