Тәуелсіздік жылдары Шу ауданының табысы 48 есеге артқан

0

Бүгін Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров халық алдында қорытынды есеп берді. Жиында аудан басшысы 30 жылда ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жолында толайым табыстарға қол жеткізілгенін айтты.

– Ауданның өнеркәсіп саласында өндірген өнім көлемі 50,7 есеге  артты. Аудан экономикасына 500,0 млрд теңгеден астам инвестиция  салынды. Көлемі 200,0 млрд. теңгеден асатын  құрылыс жұмыстары жүргізілді. Бюджет кірісі (1997ж-519,0 млн, 2020-24,8 млрд.) 48 есеге артты. Әлеуметтік салада 12 мектеп, 25 балабақша, 27 медициналық нысан пайдалануға берілді. 50-ден астам әлеуметтік нысан  күрделі жөндеуден өткізілді. 12 елді-мекенге газ құбыры жүргізіліп, 20 елді-мекен ауыз сумен қамтылды. Қанағаттанарлық деңгейдегі жолдардың үлесі 70%-ке жетті. Халық саны 35%-ке артып, жұмыссыздық деңгейі 1,3%-ке дейін төмендеді, – деді Н. Календеров өз сөзінде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.