Шуда төрт түлік басы артып келеді

0

Шу ауданында мал шаруашылығы саласында барлық өнім түрлерінде және мал  басы бойынша барлық түліктер санатында өсім қалыптасты. 16 мың тонна ет,  35 мың  тонна сүт, 9,5 млн дана  жұмыртқа өндірілді.

Бүгінгі күнге ауданда өңдеуші кәсіпорындар тапшы. Яғни, ет   және сүт өңдейтін кәсіпорындар жоқтың қасы. Ағымдағы жылы осы бағыттағы жұмыстарды да қолға алуымыз қажет.

Өткен жылы аудан көлемінде пайдаланусыз жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 22 мың гектар жер анықталып, сот арқылы мемлекет меншігіне қайтарылды. Конкурс арқылы 13,4 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері айналымға енгізілді.

«Тасөткел су қоймасының» су жинау көлемін 120,0 млн текше метрге арттыру мақсатында  500,0 млн теңге бөлініп, өтпелі кезеңмен су қоймасын сейсмикалық күшейту жұмыстары басталды. Ақсу ауылында орналасқан «Сарғау» су қоймасы ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.