Шудың шаруалары 68,3 млрд. теңгенің өнімін өндірді

0

Шу ауданы экономикасының негізгі саласы ауыл шаруашылығы екені белгілі. Аталған салада өткен жылы 68,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 113 мың гектар алқапқа дақылдар отырғызылған. 41 мың гектар орылатын ақ егіс алқабынан 93,5 мың тонна өнім алыныпты.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тарапынан 9,5 мың тонна қарбыз, 11 мың тонна пияз, 557 тонна сафлор майы, 31 тонна қозы еті сырт мемлекеттерге экспортқа шығарылған.

Бұдан бөлек, Бірлік ауылынан сыйымдылығы 20 мың тоннаны құрайтын заманауи технологиямен жабдықталған көкөніс сақтау қоймасының құрылысы жүргізілуде. Ал Бірлікүстем ауылында «Ұлттық көтерме сауда желісі» ЖШС тарапынан сыйымдылығы 30 мың тоннаны құрайтын көтерме-тарату орталығының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Аталған жобаға 20 гектар жер телімі бөлініп берілді. Көкөніс сақтау қоймалары маусымаралық кезеңде баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге өз септігін тигізетін болады.

2020 жылы ауданның агроқұрылымдары 750,0 млн теңгеге 131 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алып, ауыл шаруашылығы техникаларының жаңару көрсеткіші 10 пайызды құрады.

5 343 гектар алқапқа су үнемдеу технологиялары (тамшылатып– 4921 га, жаңбырлатып– 422 га) пайдаланылды, ағымдағы жылы су үнемдеу қондырғылары енгізілетін алқаптарды 7 300 гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Оның ішінде, аудандағы ірі серіктестік «Qyzylsha» ЖШС-і ағымдағы жылы 25 дана заманауи жаңбырлатып суару қондырғысын 1 150 гектарға орналастыратын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.