Тұрғындар толғандырған мәселелерінің шешімін тікелей әкімнен білді

0

Бүгін Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Бұл жолғы қабылдауға 18 азамат келіп, өздерін толғандырып жүрген өзекті мәселелері мен өтініш-тілектерін жеткізді.

Көтерілген сұрақтардың дені қабылдау барысында оң шешімін тапты. Сауалдардың басым бөлігі тұрғын үймен қамтамасыз ету, жайылымдық жерлер мен әлеуметтік бағдарламаларға ​ қатысты қойылды.

Аудандағы өзекті мәселелердің бірі – тұрғын үймен қамту. Бүгінде үй кезегінде 1 429 азамат тіркелген. Аталған мәселені шешу үшін Шу қаласы «Жетісу» ықшам ауданындағы​ 80 пәтерлік​ 3​ үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, бюджеттік өтінім берілген. Аталған үйлердің құрылыс жұмыстарына қаржы бөлінген жағдайда кезекте тұрған 240 азаматтың тұрғын үй мәселесі шешілетін болады.

Сонымен бірге жеке тұрғын үй салу үшін жер кезегіне 5 720 азамат тіркелген. Биылғы жылдың соңына дейін кезектегі Шу қаласы, Төле би, Алға ауылдарынан жалпы саны 2 523 азаматқа жер телімін беру жоспарланып отыр. Осыған орай, кейбір уақыт қажет ететін мәселелерді толық зерделеп, заңдылығы бойынша орындау үшін тиісті сала басшыларына тапсырма берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.