Шу қаласының тұрғындарына есеп берді

0
Бүгін Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров Шу қаласы тұрғындарының алдында есеп берді. Алдымен жұртшылыққа ауданның өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін баяндаған аудан басшысы алдағы ауқымды міндеттермен таныстырып өтті.
Нұржан Сәбитұлы баяндамасында айтып өткендей, өткен жыл көлемінде қаладағы 49 көше жөнделген. Қалада орналасқан «Теміржолшылар» және «Жеңіс» саябақтары қайта жаңғыртудан өтіп, көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласына 22 балаларға арналған ойын алаңдары мен спорт алаңшалары (Қонаев, Шакиров, Панфилов, Түйебеков, Макаренко көшелері) салынған. Сонымен бірге Шу қаласындағы көпқабатты 9 үй ағымдағы жөндеуден өткізіліп, оның 5-і бюджет есебінен, 4-і демеушілер есебінен атқарылды.
– Сондай-ақ, Шу қаласындағы Қосқұдық мөлтек ауданында ауыз су құбырын тарту жұмыстары аяқталуға жақын. Ал, Қант зауыты мөлтек ауданына су құбыры желілерінің құрылысына қажетті жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Аудандағы бірнеше елді мекендердегі интернет байланысының сапасы да өзектілігін жоғалтқан жоқ. Осыған байланысты 2021 жылға Тасөткел, Аспара, Балуан Шолақ, Далақайнар ауылдық округтерінде «Транстелеком» АҚ-ның жылдамдығы жоғары интернет желісін жүргізу жоспарлануда, – деді әкім өз сөзінде.
Жиын барысында тұрғындар ұсыныс-пікірлерін айтып, сауалдарын қойды. Тұрғындар тарапынан қаладағы көше жолдары, балалар ойын алаңшаларын салу мәселелері айтылды. Сауалдарға жауап берген Н. Календеров аталған мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатындығын жеткізді. Қала тұрғындары жыл көлемінде атқарылған жұмыстарға жақсы баға беріп, қала әкімшілігінің өңірді өркендету жолындағы қызметтеріне алғыстарын білдірді.
Возможно, это изображение (3 человека, в том числе Біржан Сартбек, люди стоят и в помещении)

Leave A Reply

Your email address will not be published.