Есеп. Ұсыныс. Жоспар

0

Қамқалы ауылдық округінің аумағы 1 млн. 38 мың 803- га жерді алып жатыр. Оның ішінде 88 724,94 га ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер, 666,45 га шабындық 88 058,49 га жайылымдық 13217 га шаруа қожалығын жүргізуге арналған жерлер, 14 910 га елді мекендердің жерлері, 301199 га орман қоры жері. Ауылдық округ орталығы аудан орталығынан 200 шақырым жерде орналасқан.
Осы шалғайда орналасқан округте Сарысу ауданының әкімі Б.Жақсылықов болып, ауыл тұрғындары алдында есеп берді.
Аудан көлемінде 2020 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде жан-жақты айтып, ағымдағы жылы аудан көлемінде атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Сондай-ақ, ауылдық округте атқарылған істер сараланып, жыл ішінде іске асырылған жобалар мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы да осы кездесуде айтылды.
Жалпы ауылдық округте 2020 жылы қандай үлкен ірі жобалар іске асырылғандығы, алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспарларымен ауыл тұрғындары кеңінен танысты.
Баяндамадан соң ауыл тұрғындары Баушенов Ахметжан, Аманжолов Ештай сөз сөйледі.
Олар Шығанақ елді мекеніндегі ағымдағы жылы жөнделетін ауыз су жүйесінің жұмыстары сапалы жасалса және елді мекеннен бақылау комиссиясы құрылып, атқарылатын жұмыстарды қадағалап отырса деген сұранысын айтты.
Сонымен қатар аудан және округ әкімдерінің есебін жоғары бағалаған ауыл ақсақалдары, Шу өзенінің суының жағдайына тоқталып өтті. Өткен жылы өзен суы ауылдық округке аз мөлшерде келді.
Бұл кезде азда болса су келетін. Биылғы жылы су әлі келген жоқ. Жоғарғы құзырлы мекемелермен хабарласып судың қалыпты деңгейде келуіне жағдай жасасаңыз деген тілектерін де жеткізді.
Аудан әкімі әр тұрғынның талап тілегін тыңдай отырып, жиын барысында айтылған ұсыныс-пікірлер, сын-ескертпелер бойынша іс-шаралар жасалынып, орындалуы бойынша бақылауға алынуды тапсырды.
Жиынға қатысып отырған ауыл тұрғындарынан алдағы атқарылатын жұмыстарға қолдау көрсетулерін сұрап, ауыл тұрғындарын барлық санитарлық сақтық шараларын ұстануын, індеттің алдын алу жолында ынтымаққа, тірлікте бірлікке шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.