Ұсыныс-пікірлер жауапсыз қалмайды

0

Байқадам ауылдық оркгуінде өткен кездесуде Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов аудандағы оң өзгерістер туралы баян етті.
Есепті кездесуге келген ауыл тұрғындары аудан басшысы тарапынан атқарылып жатырған игі істерге ризашылықтарын білдірді.
Ауылдық округ халқы да осы сәтті асыға күтетіндей.
Өйткені, қордаланған әлеуметтік мәселелердің түйінін тарқататынын, алдағы жылғы елді-мекендегі атқарылатын жұмыстарды саралайтын кезең болып табылады.
Бүгінгі тұрғындармен кездесуде аудан әкімі жыл бойы атқарған жұмысына есеп берді.
Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерді бұлжытпай орындау, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеру, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, білім беру мен денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, тағы басқа салаларды дамыту бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылғанын талдап айтып өтті.
Ауыл ел бесігі бағдарламасы бойынша Саудакент ауылы тірек елдімекені болдыосы бағдарлама шеңберінде ауылдағы аурухана күрделі жөндеу, Саудакент ауылына спорт кешенін салу, Ақбота бала бақшасын күрделі жөндеу, Саудакент ауылы ішіндегі 23 көшеге жол жабындысын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Шоқай Датқа кесенесі орналасқан зират қоршауы, Ықылас ата монументі қоршауы жөнделіп, Күлтөбе қалашығы орны қоршалды. Күздеубаев, Абылайхан, Жандыбаев, Сұлтанғазиев көшесінің соңы, Жаңатас бағыты,Ұйым ауылына қарай жол бойы жарық бағаналары диодттық шамдарға ауыстырылды.
«Ынталы» су қоймасынан келетін суды дұрыс пайдалану үшін 2,5 шақырым Күлтөбе каналын ауылда орналасқан мекемелердің қолдауымен сенбілік арқылы тазартылып, ауыл ішіндегі ескі арықтарды тазалау (ұз- 6100м),жаңадан арық жүргізу (ұз-1900 м), барлығы 8 000 метр арық, көшедегі лотоктарға (ұз 2500 м) жөндеу жұмыстары жүргізілді
Ауыл бойынша 38 — көше бар, оның бұрын 8– көше жолы асфальттанған, 2020 жылы Саудакент ауылы ішіндегі 23 — көшенің жолыасфальтталды. Ауыл бойынша 40 жол белгісі бар. Ауылдық мәндегі автомобиль жолдары 39,5 км құрайды. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстары тұрақты жүргізлуде.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Ынтымақ» ш/қ өндірістік инфрақұрылым жүргізді электр желісі ұзындығы 6,6 шақырым 28,5 млн. тг, тартылған ивестиция 58,2 млн. теҢгені құрады.
Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасы бойынша- Саудакент ауылының тұрғындарына 808 591 мың теңгеге 303 аулаға несие берілді.
Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану бағыты бойынша –округте 72 га жері бар 901 аула жоспарға сәйкес егілді ( 40 га қызанақ, 32 га қияр).
Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 14,29 гектарға (186 аула) ұлғайған.
Тарихи және мәдени мұраларды сақтау қолға алынған.
Атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспар баяндамада айтылып, жарыс сөзге шығып сөйлегендер қатары көп болды.
Тоқталар болсақ: фермерлер одағының төрағасы Өзекбаев Майтон
– Бүгінгі есеп өте жақсы деңгейде өтті. Қанағаттанарлық деген баға берем. Мендегі мәселе аталған фермерге мүшелікке адам қабылдауға қолдау білдірсеңіз.
Екінші мәселе өзім тұратын Құрманғазы көшесі ауылдың шетінде орналасқан, осы көшеге жарық орнатылса,-деді.
Оған аудан әкімі фермерге адам қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Сонымен қатар жарықтандыру бойынша мәселеңіз кезең кезеңмен шешілетін болады деп нақты жауап берді.
Ауыл тұрғыны Н.Есмаханов: есепті жоғары бағалап, Саудакент ауылындағы орталықта орналасқан бұзылған ғимараттар ауыл көркін бұзып тұр. Осы ғимараттарды қолға алып,тұрғын үй ретінде пайдалансақ. Сонымен қатар ауылымыздағы полициялық пункті қайта іске қоссақ,-деген ұсынысын жеткізді.
Аудан басшысы алдағы уақытта бұл мәселелер бойынша нақты шешім табатынын айтты.
Осындай ауыл тұрғынының бірі Берік Садуақасов ауыл және аудан тарихи жайлы, кітап жазуды қолға алғанын, жарыққа шығуға қолдау білдіруін сұранып, аудан әкімі тарапынан оң жауап естіді.
Ал, Байқадам ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Төлмағанбетов көпшілікті індетке аудан боп, халық болып бірге жұмыстар жүргізейік. Баршаңызды Індетке байланысты сақтық шараларын сақтап жүруге шақырамын,-деді.
Сондай-ақ, осы кездесуде көше жарығы, ескерткіш орнату секілді мәселелер көтерілді.
Жалпы, тұрғындармен кездесуде бір жылдағы жетістік пен әлі де орайын келтіретін мәселелердің аражігі айқындалды.
Аудан басшысының халықпен есеп беру кездесуінде тұрғындар да өздерінің сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.
Халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету мақсатында атқарылатын шаралар мен әлеуметтік мәселелер кезең – кезеңімен шешімін табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.