Игіліктегі кездесу

0

Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықовтың халық алдындағы есепті кездесуі Игілік ауылдық округінде де өтті. Жиынды аудан әкімі ашып, жиналыстың регламентін ұсынды. Сонан соң күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ауылдық округ әкімі А.Бердібаев өзінің ауылдық округ бойынша өткен жыл ішінде атқарған жұмыстары туралы баяндамасын жасады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз алған Сарысу ауданының әкімі Б.Жақсылықов 2020 жылы аудан бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндама жасады.
Баяндама аяқталған соң жарыс сөзде алғашқы болып сөз алған Өндіріс ауылының тұрғыны, зейнеткер М.Дурманаев Игілік әкімшілігінің ғимараты құрылған уақыттан бері жөндеу көрмегенін айтты.
Осыған орай қазіргі пайдалып отырған әкімшілік ғимаратты күрделі жөндеуден өткізсе немесе жаңа ғимарат салынса деген ұсыныс пікірін жеткізді. Сонан соң Өндіріс ауылында орналасқан пошта бөлімшесіне қызметкер қажет екендігін ескертті. Қазіргі таңда жабық тұр. Ауыл тұрғындарына зейнетақы алу немесе төлемдер (телефон, жарық, несие) жасау үшін, Саудакент ауылына барып келуге тура келеді. Осы мәселені шешіп беруге ықпал жасауын өтінді.


Екінші болып сөз алған зейнеткер М.Наширбаев Өндіріс ауылындағы шаруашылық құрылымдары егістік жерлерін суаруға пайдаланатын «Өтес» каналы лоток болмағандықтан қазыла-қазыла арық жүйесі өз дейгейінен төмен түсіп кеткен, сол себепті аталған каналға лоток орнату қажет ететіндігін айтты. Үшінші болып сөз алған «Иманберді» шаруа қожалығының төрағасы М.Жұматаев Өндіріс ауылында орналасқан балалар ойын алаңының тозығы жеткенін айтып, жаңа ойын алаңын салу туралы ұсыныс білдірді.
Төртінші болып сөз алған Өндіріс ауылының тұрғыны Б.Абдралин Өндіріс ауылындағы бір көшеге Шоқай датқа мешітін салуға атсалысқан, азаматтың атын беру туралы өтініш жасады.
Жоғарыда айтылған ұсыныс-пікірлерге аудан әкімі Б.Жақсылықов тиісті жауаптар қайтарды.
Сөз алған азаматтар және ауыл тұрғындары аудан әкімі Б.Жақсылықовпен, ауылдық округ әкімі А.Бердібаевтың бір жылда атқарған есебіне оң бағаларын берді.


Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Б.Жақсылықов ұсыныстар мен ескертпелерді іске асыру жөнінде арнайы іс-шаралар жасалып, бұл мәселелер алдағы уақытта шешімін табатындығын жеткізді.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.