Жемқорлыққа жол бермеу – басты міндет

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2015-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономика құру, инвестициялар тарту процесін тежейтіні және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер ететіні, елдің болашақ дамуына елеулі қатер төндіретіні атап өтілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін, Республикада заңнамалық базасы қалыптасқан, атап айтқанда: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралы» Президенттің қаулысы, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқартуға, экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күреске бағытталған бірқатар бағдарламалар қалыптасқан. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қатерлерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауаптылыққа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік функцияларды орындайтын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың түрлерін, сондай-ақ жауапкершіліктің басталу шарттарын белгілейді.

ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің ұжым қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты мәселелер тұрақты бақылауға алынады. Жыл басынан бері 3 құқықтық кеңес және 1 этика бойынша семинар өткізілді. Мемлекеттік қызметтер көрсету, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру, кәсіпкерлік субъектілерімен өзара іс-қимылдың өзге де мәселелері бойынша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша Департамент қызметі саласындағы заңнамаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау тұрақты түрде, сапалы жүргізіледі.  Бұқаралық ақпарат құралдарында мақала жариялау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта дөңгелек үстелдер, семинарларлар жыл сайын өткізіледі.

ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті

Leave A Reply

Your email address will not be published.