Облыс әкімінің орынбасары ауданда іссапармен болды

0

Мойынқұм ауданына Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нығмашев Берік Болатұлы іс сапармен келді. Алдымен Берік Болатұлы Мойынқұм ауданның шаруа қожалықтарымен кездесу өткізді. Кездесуде Мойынқұм аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қызыр Елеусізов Мойынқұм ауданы бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы атқарылған жұмыстар туралы және ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстар туралы баяндады. Кездесу барысында сөз кезегін алған Жамбыл облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Аманов Қайрат Тілеубайұлы ауыл шарушылғы саласын дамытуға үкімет тарапынан қанадай бағдарламалар қандай жеңілдіктер қарастырылғандығын айта отырып берілген жеңілдіктерді тиімді пайдалануға шақырды.
Бұдан соң Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Берік Болатұлы Кеңес ауылдық округінде «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасы аясында атқарылған жұмыстармен танысып, кооператив мүшелерімен кездесу өткізді. Мұнда «Айдарлы-Агро 2019» АШК-нің атқарушы директоры М.Шалқарбеков кооперативтің қазіргі жағдай туралы баяндады. Сондай-ақ «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы акционерлік қоғамының өкілі Айгүл Баймұратова пилоттық жоба бойынша алынған несиелердің шарттарын түсіндірді. Жиын соңында ауыл тұрғындары өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, тұрғындардың сөзін тыңдап, ауылдың тұрмыстық жағдайын көруге келген Берік Болатұлына алғыстарын айтты. Жиын барысында қойылған әр сұраққа тұшымды жауап берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.