Халық алдында жылды қорытындылады

0

Мойынқұм ауданы Хантау ауылдық округінің әкімі Сейтқазиев Ануар Жуматайұлының Қияхты елдімекенінде халық алдында есеп беру жиналысы өтті. Хантау ауылдық округінің әкімі Сейтқазиев Ануар Жуматайұлы 2020 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебінде, күнтәртібіндегі мәселелер бойынша баяндады. Аталған жиынға аудан әкімі бас инспекторы Аманов Сайнұр, аудандық мекеме басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.

Жиналыс барысында ауыл тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныс, пікірлер:

Ауыл тұрғыны Д.Акишева футбол алаңшасы ашылса деген тілек білдірді.

Ауыл көшелерінде қоқыс жәшігін орнату туралы ауыл тұрғыны Ж.Дулатбеков ұсыныс айтты.

Мектеп пен медпунктке су тартылмаған осы мәселе болашақта өз шешімін тапса деген пікір айтылды. Ауыл тұрғындарының басқада өтініш, тілектері айтылып өтті. Есеп беру кездесуінің күн тәртібіндегі барлық мәселелер толық қаралды. Жиналыста айтылған барлық ұсыныстар, пікірлер назарға алынатындығы айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.