Есеп беру жиыны өтті

0

Мойынқұм ауданы Қызылтал ауылдық округінің әкімі Тілеужанов
Мұхит Ізбасарұлы Назарбеков ауылының тұрғындары алдында есеп беру жиналысы өтті. Қызылтал ауылдық округінің әкімі М.Тілеужанов 2020 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебін баяндады. Жиналыс барысында ауыл тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныс, пікірлер тыңдалды: Ауыл тұрғыны Ә.Әлімбаев егін суын уақытылы ерте көктемде жеткізіп берсеңіз және балалар үшін футбол алаңшасы соғылса деген өтініштерін айтты.
Ауыл ішінде тұрмыстық қалдықтарды тастамауды қадағалау жұмыстары қарқынды жүргізілсе деген ұсыныс білдірген ауыл тұрғыны А.Жамалбекова. Ауыл тұрғындарының басқада өтініш, тілектері айтылып өтті. Есеп беру кездесуінің күн тәртібіндегі барлық мәселелер толық қаралды. Жиналыста айтылған барлық ұсыныстар, пікірлер назарға алынатындығы айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.