Тұрғындарды қабылдаулар күрмеулі мәселелерді шешуге көмектеседі

0

Аталмыш шараның негізгі мақсаты – билік пен халық арасындағы байланысты нығайту, тұрғындар арасында күнделікті шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелердің оң шешімін табу.
Іс-шара билік пен халық арасындағы байланысты нығайту, тұрғындар арасында күнделікті шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелердің оң шешімін табу, кеңестер беру, ақпараттандыру мақсатын көздейді.
Осындай мақсатта бүгін әдеттегідей барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов тұрғындармен жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға 13 тен аса тұрғын жазылған.
Оның 9-ы Жаңатас қаласынан, Жайылма ауылынан-1, Саудакенттен-1, Жаңаталаптан-1, Түркістаннан-1 адам әртүрлі мәселелермен келді.
Олардың 4-еуі тұрғын үй, біреуі көше тәртібі, екеуі әлеуметтік көмек, екеуі жұмыс сұрап келсе, біреуі ауруханадан гемодиализ бөлімін ашуды сұрады.
Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша нақты жауаптар алды.
Айта кетейік, мұндай қабылдау билік пен халық арасындағы байланысты нығайту, тұрғындар арасында күнделікті шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелерді шешу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Сұрақтардың бәрі хаттамаға түртіп алынды. Күрмеуі қиын мәселелердің басшылыққа алынатындығы, ол бойынша алдағы күндері жұмыс жүргізілетіндігі айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.