Есірткі заттарын сақтады деген күдікпен екі адам құрықталды

0

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/7 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері ерекше режимдегі түзеу мекемесіне жақын жерде (10 метрге жуық) есірткі заттарын сақтады деген күдікпен екі азаматты құрықтады.

Ұсталғандарды тінту кезінде И есімді азаматтың күртешесінің оң қалтасынан ақ түсті ұнтақ тәрізді полиэтилен түйіншек табылып, тәркіленді. Ал екінші О есімді азаматшаның рюкзактарынан 21 дана полиэтилен түйіншектер табылып, олардың ішінде ақ түсті ұнтақ тәрізді зат бар екендігі анықталды. Ұсталғандардың айтуынша, полиэтилен пакеттеріндегі зат «жылдамдық» синтетикалық есірткі заты болып табылады.
Аталған оқиға бойынша Тараз қалалық ПБ жедел-тергеу тобы шақыртылып, қазіргі таңда тәркіленген заттарға сот-химиялық сараптамасы тағайындалды.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.