Жас мамандармен толықты

0

Қылмыстық-атқару жүйесінде жас мамандарға айрықша көңіл бөлінуде. Жыл сайын кадрлық құрам жастармен толығып, жаңарып отырады. Биыл да сол үрдіс қайталанып, өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/7 мекемесінің қызметкерлер қатары қос бірдей жас маманмен толықты.

25 жастағы Елдос Қуанышбек бала кезден еліміздің құқық қорғау саласында қызмет етуді мақсат тұтса, бүгінде оның арманы ақиқатқа айналуға жақын. Ол бүгіндгі таңда тағылымдамадан өтуде. Ал осы уақытқа дейін талай жұмыстың басын шалған Аян Досымбек құқық қорғау саласында да қызмет етуді жөн санапты. Сондықтан да, ол өзіне жүктелген міндеттерге асқан жауапкершілікпен қарайды.

Жалпы, ЖД-158/7 мекемесінде сотталғандар арасында еңбекті ұйымдастыру тобында маман тапшы. Сол себепті, қос бірдей жас маман дәл осы бөлімге жөнелтілді. Әділет капитаны Айгүл Кубеева жетекшілік ететін аталған бөлімде Аян мен Елдостың сала мамандарынан үйренері көп екендігіне сенім мол. Себебі, жас мамандарға мекеме басшылығы мекеме аумағында орналасқан кәсіп иелері және сотталғандармен өзара қарым-қатынас, қызметтік байланыс, саланың қыр-сырларымен тетіктерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, қолдау көрсетуде. Жас мамандардың ендігі міндеті – тиісті тағылымдамадан өтіп, өздерін жақсы қырынан көрсете білсе болғаны.

Гүлмайра МАСАТБАЕВА,
ЖД-158/7 мекемесінің БАҚ жауапты маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.