Таласта жел электр станциясы іске қосылады

0

Талас ауданында жалпы құны 3735,2 млн. теңгені құрайтын, қуаттылығы 4,5 мВт болатын электр энергиясын өндіретін жел электр станциясы салынды.

Бұл мақсатта «Wind Power city» ЖШС-не және «Wind Electricity» ЖШС-не Қызыләуіт ауылдық округінен 43 гектар жер учаскесі бөлініп берілді. Қазіргі таңда «Wind Power city» ЖШС тарапынан ауданға 1 142,2 млн. теңге, «Wind Electricity» ЖШС тарапынан ауданға инвестиция тарту мақсатында 2,1 млрд теңгеге келісімшарт шетел кәсіпорынмен жасалды.

Жоба Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің тізіліміне енгізілген. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, қосу жұмыстары жүргізілуде. Жоба іске асқанда 11 жұмыс орындары ашылады. Станция ағымдағы жылдың шілде айында іске қосылды.
Алдағы уақытта жалпы қуаты 4,5 мВт болатын 3 қондырғы орнатылып, 14 адам жұмыспен қамтылу жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.