Білім бәйгесінің жеңімпаздары

0

Осыда тура бір жыл бұрын Жамбыл облысының ауыл мектептерінен жалпы саны 335 оқушысы «Myń bala» ұлттық олимпиадасында бақ сынаған. Ұйымдастырушысы – «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры. Бұл жоба ауылдық жердегі дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған. Жыл сайын ауыл мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында өткізіледі. Марапаты – еліміздің үздік мектептерінде оқу мүмкіндігі. Осы жылы ақпан-наурыз айларында бірінші, онан соң екінші кезеңі өткізілген. Ақпараттық-аналитикалық орталық алты пән бойынша екі тоқсандағы үлгерім деректерін өңдеді. Бұл – математика, жаратылыстану, информатика, қазақ, орыс және ағылшын тілдері. Сөйтіп, еліміздегі ауыл мектептерінде 5 мың үздік бесінші және алтыншы сынып оқушыларын іріктеді. Бір қуантарлығы екі кезең бойынша оқ бойы оза шапқан білімді 91 жеңімпаздың 16 — сы Жамбыл ауданының өрендерін құрап отыр. Білімге ұмтылған, білуге ұмтылған, көшті бастап ілгері жүруге талпынған өңірдің білімді шәкірттерінің бұл жеңісі мақтауға тұрарлық. Олардың қатарында Мейірім Ғаниқызы, Ақниет Алтынбек, Маржан Атақұл, Аружан Келсінбекқызы, Еркежан Бауыржанқызы, Аяулым Тілепберген, Альмира Кәрімхан, Ұлдана Бескемпір,
Айдана Әсембек, Гүлбина Байшахан, Нұртай Дінмұхаммед, Рамазан Құлтай, Алуа Дүйсенбек, Еркежан Құтжан, Алуа Әлібай сынды білімді балғындар бар. Олардың ішінен суырылып шыққан Б.Кейкиев орта мектебінің оқушысы Нұрай Әжіхат облыс бойынша білім бәсекесінде ең жоғары ұпай жинап аудан мерейін бір көтеріп тастады. Енді олар дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқи алады. Ол аз десеңіз олимпиаданың барлық қатысушылары одан әрі оқуға және дағдыларын дамытуға арналған «El Úmiti» дамытушы онлайн-платформаға тегін кіруге рұқсат алады. Осы тұста күні бұрын аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында білім бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Онда аудан әкімі Сәкен Арубаев оқушылардың бойына білім нәрін сусындата отырып, сыннан сүрінбей мақсатқа жетуде талабын қанаттандыруды міндет қоя білген ауданның бас ұстазы Раушан Қожамжарова, білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Қымбат Қыпшақбаева, сектор меңгерушісі Қуаныш Бахытұлы мен әдіскер Ляззат Салимжанованың еңбектерін ерекше атап өтіп, жеңімпаз оқушыларды құттықтап, жылы лебізін білдіріп, соңғы үлгідегі ноутбук пен дипломдарды салтанатты жағдайда табыс етті.
Айта кетейік, соңғы жылдары аудандық білім бөліміне қарасты білім ошақтарының оқушылары облыс республика тіпті халықаралық деңгейде ұйым¬дас¬тырылатын жарыстарға қатысып, жеңіспен оралып жүр. Осы тұста ұдайы өз білімін саралап, білім ошағы намысын, ұстаз ұстанымын, мектеп талабын және аудан абыройын биіктен көрсете білген дарын иелеріне, ұстаздарымызға шығармашылық табыс тілейміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.