Тасөткел ауылы – байланыста

0

Аудан орталығынан шалғай жатқан ауыл тұрғындарын мазалап жүрген өзекті мәселенің бірі ұялы байланыстың жоқтығы еді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен Тасөткел ауылына «Kcell» ұялы байланыс жүйесі орнатылып, іске қосылды. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Санабеков Тоқтағұл бастаған тұрғындар басшылыққа ризашылықтарын жеткізіп отыр.

— Біз облыс және аудан әкімдерінен ұялы байланыс құрылғысын орнатуға өтініш білдірген едік. Сол өтінішімізді аудан басшысы өзінің назарына алып, ауылымызға ұялы байланыс орнатылды. Тасөткелдіктер шат-шадымен күйге енді.Тұрғындар атынан Бердібек Мәшбекұлына, Нұржан Сәбитұлына зор алғыс білдіреміз, — дейді кәсіпкер Сәуле Төлегенова.

Айта кетейік, Тасөткел ауылдық округінде бүгінде 870 тұрғын бар. Ауылдық округке Аспара, Құмөзек деп аталатын екі елді мекен қарайды. Аталған ауыл аудан орталығынан қашықтықта орналасқанымен, көштен қалмай тұрмыс кешіп келеді. Биылғы жылдың өзінде «Жол картасы» бағдарламасы аясында шағын спорт алаңшасы салынып, ауыл ішіндегі жолдар ретке келтірілуде. Сондай-ақ, ауылға  көгілдір отын тарту жұмыстары басталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.