Асарлатып салынған үйдің кілті тапсырылды

0
«Асарлатып үй салу» жобасы аясында пайдалануға беріліп жатқан тұрғын үйлердің қатарына тағы да бір үй қосылды. Баспана бақытына ие болған жанның бірі Жамбыл ауылының тұрғыны, жалғысбасты әке, II- топ мүгедегі Сырым Ізбасаровқа үйдің кілті табыс етілді.
-Бұрынғы үйім морылып,төбесінен су ағып, құлау үстінде тұрғанын ел, жұрт біледі.Оны қалыпқа келтіруга жағдайым болмады. Өзім жалғызбастымын. Осы ауылым, құрдастарым, көршілерім төңіректегі бәрі жәрдем берді. Игі іске ауыл қариялары, белсенді жастары мен көршілер атсалысып, мереке қарсаңында үйімнің кілтін табыстады. Ауыл әкімдігіне және ауыл қарияларына үлкен алғыс білдіремін,-деді С.Ізбасаров.

Leave A Reply

Your email address will not be published.