Сурет көрмесі ұйымдастырылды

0
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында Мойынқұм аудан әкімдігінің Білім бөліміне қарасты Мыңарал ауылдық Мыңарал мектебінде жастар бойында туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыруда жас суретшілердің туындыларынан
«Сурет көрмесі» ұйымдастырылды. Көрмеде Мойынқұм ауданының киелі жерлері атап айтсақ «Құралай сұлу», » Биназар батыр» кесенелері мен Мойынқұм ауданының табиғаты бейнелеген. Сурет көрмесін ұйымдастырудағы негізі мақсат — жас суретшілер көрмесін ұйымдастыра отырып, өлкенің әсем табиғатын жанымен сезінетін оқушылар шығармашылығын шыңдау, ауданның мәдени жетістіктерін танымал ету.

Leave A Reply

Your email address will not be published.