Семинар сабақ өткізілді

0
Мойынқұм ауданында «Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесі бойынша семинар сабақ өткізілді.Мойынқұм ауданының мемлекеттік архивінің архивисті С.Шыныбаева ЭҚБА
АЖ–не «Істер номенклатурасын» дұрыс енгізілуін және архив заңнамаларын негіздей отырып түсіндіру жұмыстарын жүргізді, архивист Ыбрай Нұрболат логин порольды қызметкерлерге беру тәртібі туралы функциясын нұсқаулықпен видео арқылы түсіндіру жұмыстарын көрсетті. Бұл семинар сабаққа Ұлттық архив қорының жинақтау көзінің тізіміндегі аудандық әкім аппаратына қарасты логин пароль берілген бөлімдердің архив ісіне жауапты мамандары қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.