30 жыл тазалау көрмеген тоғандардың көзі ашылды

0

Жалпы Мойынқұм ауданында жер ерекшелігіне қарай егін шаруашылығымен «Шу» өзенінің бойындағы Кеңес, Биназар, Бірлік, А.Назарбеков, Көкжелек, Күшаман және  Жамбыл сынды 7 елді мекеннің шаруалары айналысуда. Алайда отыз жылдай тазаланбаған тоғандарды қамыс басып, дихандарға ағын су жеткізуде қиындықтар туған. Бұл мәселені біржақты шешу  мақсатында  «Талас-Аса» кәсіпорынының техникаларымен  жалпы ұзындығы 69,3 шақырымды  құрайтын 11  тоғанды тазалау жұмыстары жүргізіліп, өткен жылы  73,2  миллион теңге  толықтай игерілген.

Ал биыл  51 шақырым болатын 4 тоғанды тазалау жұмыстары ұйымдастырылып, аудан бюджетінен 16,4 миллион теңге бөлінген.  Дәл қазір «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 52,4 миллион  теңге  қаралып,  тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Тағы бір мәселе — егін шаруашылығымен айналысып отырған елді мекендерде тірлікке  қажетті техника  мүлдем қалмаған. Олқылықтың орнын толтыру үшін  2019 жылы 73,0 миллион  теңгеге 13  техника алынса,  Айдарлы мен  Бірлік ауылдарынан бұрынғы ескі қырман орындары қалпына келтіріп іске қосылған.  Сонымен қатар биыл Күшаман ауылындағы егін жинайтын қырман ағымдағы жөндеуден өтіп пайдалануға берілді.

Ауданда құрама жем дайындау және егін шаруалығы бағытындағы бес ауылшаруашылығы кооперативтері жұмыс істеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.