Асыраушыл сала алшаң басуда

0

Ауыл шарушылығындағы  жалпы өнімге келсек, жыл басынан  5 167,4 теңгенің тауары шығарылып,  оның  3972,9 миллион теңгесі мал шаруашылығына, 1193,9 миллион теңгесі егін шаруашылығына тиесілі болған. Нәтижесінде өнімділік – 102,9 пайызды көрсеткен.

Аудан аумағында карантинге байланысты көптеген шектеу шаралары қойылғанымен қожалықтардың өз жұмысын тоқтатпауы  үшін тиісті жағдайлар  жасалған. Осының арқасында мүйізді ірі қара мал саны 45533 басты құрап, 23,5 пайызға артса, қой мен ешкі 159 007 басқа жеткен. Мұнда 8,5 пайыздық өсім бар. Сонымен қатар түйе саны 6 пайызға көбейіп, 1317 басты көрсетсе, жылқы саны 8973 басқа артып, 12,2 пайыздық көрсеткішті межелеген. Құс басы да 10,4 пайызға артып, 32056-ға  жеткен.

Ет және сүт кластеріне келсек, ет тірі салмақта 3812,3 тоннаны құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,3 пайызға көбейген.

Сүт өнімдері 6816,0 тонна болып, 24,0  тоннаға немесе 0,4 пайызға артып отыр.

Жұмыртқаның 1377,0 мың данасы шығарылып, былтырғы жылмен салыстырғанда 1,3 пайыздық өсімді көрсеткен.

Көктемгі   дала жұмыстары да  өз деңгейінде жүргізілген. Атап айтсақ, биылғы жылы егіс алқабы  334 гектарға арттырылып,  5408 гектар жер толық игерілген.

Барлық суармалы егістік  алқабы- 5 408 гектар құраса, оның ішінде жаздық арпа-250 гектар, дәндік жүгері-1 325 гектар, тары-420 гектар, майлы дақыл-20 гектар, картоп-101 гектар, көкөніс-196 гектар, бақша дақылдары-408 гектар және  көп жылдық шөп-2688 гектар болған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.