Құрылыс жұмыстарының көлемі 4,5 есеге артқан

0

Ағымдағы  жылдың қаңтар-қазан айларында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 66 736,4 миллион теңгені құрап, нақты көлем индексі 96,8 пайызды көрсеткен. Жүз пайыздық межені діттемеуіне —  «Бескемпір» және «Карьерное» шахтасында құрылғылардың істен шығуы және  қажетті қондырғылардың  уақытында жеткізілмеуі себеп болған. Нәтижесінде  өндірілген алтын көлемінің заттай көрсеткіші 77,0 келіге азайып, нақты көлем индексінің төмендеуіне әкелген.

   Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 23405,3 миллион теңгеге  жетсе, өткен  жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі  124,2 пайыз болған.

    Құрылыс жұмыстарының көлемі есепті кезеңде 15 957,7 миллион  теңгені діттеп,  НКИ 4,5 есе артқан.

    Пайдалануға берілген тұрғын үй  2020 жылдың қаңтар-қазан айларына 2967,0 шаршы метрді құрап,  90,6 пайызды көрсеткен.

      Бөлшек сауда айналымының көлемі 1584,4 миллион  теңгеге жетсе, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 94,2 пайыз болып отыр. Бұған  төтенше жағдай  режимі енгізілген уақытта  аудан көлемінде жұмыс жасап отырған азық-түлік емес тауарларын сататын орындардың 1 ай  уақытша жұмыстарын тоқтатқаны кері әсерін тигізген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.