Роза апай — «Агробизнес аруы»

0

Жуырда Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Жамбыл облысы іскер әйелдер ассоциациясы» Қоғамдық Бірлестігі  «Әйелдер көшбасшылығы форумы» өткізілді. Форум барысында  Жамбыл облысы бойынша көшбасшы әйелдерді марапаттау рәсімі өткізіліп, «Агробизнес аруы» номинациясын Ақсүйек ауылдық округіндегі  қой өсірумен айналысып отырған «Роза» шаруа қожалығының жетекшісі  Исқақова Роза Смагулқызы иеленді. Роза Исқакова  мал өсірумен  2015 жылдан бері айналып келеді. Ол  «Алтын асық» бағдарламасы арқылы  337 бас уақ мал, 17 бас асыл тұқымды қошқар сатып алып, шаруасын дөңгелетіп отыр. Шаруа қожалығы қайырымдылық шараларға да белсене араласып, мерекелерде  ауыл тұрғындарын етпен қамасыз етеді. Осындай қайсарлықты бойына жинаған Роза апайымызға алдағы жоспарлары орындалып, ата кәсіпті абыроймен жалғастыра беруіне тілектеспіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.