Сақтықта қорлық жоқ

0

Мойынқұм аудандық денсаулық сақтау саласында КВИ-ге қарсы екінші толқынына іс-шаралар жалғасуда. Ауруханада барлық бөлімдер қорғаныш костюмдерімен қамтылған. Ауруханада 2 фильтр, онда 2 дәрігер, 2 орта буын медицина қызметкері қабылдау жүргізеді.  Аудан бойынша 5 мобильді топ жұмыс атқарады. Санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілген. Демалыс күндері бекітілген жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетіледі. Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың емхана тарапынан берілетін  тегін дәрі-дәрмектерді  осы мобильді топ үйіне жеткізіп береді. Егерде, дене қызуыңыз қатты көтеріліп, оған қосымша бас ауруы, ентігу, құрғақ жөтел, жалпы әлсіздік, іштің жиі өтуі байқалған жағдайда «103»ке қоңырау шалу арқылы үйге жедел жәрдем шақыру керек.  «103»ке хабарласа алмаған жағдайда аурухананың қабылдау бөліміндегі  кезекші қызметкерлермен 2-11-95 телефоны арқылы  хабарласа отырып, көмек ала алады.

   Аудандық ауруханада дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар, қорғаныш костюмдер қоры 2 айға жеткілікті. КВИ-дің екінші толқыны басталған жағдайда инфекциялық бөлімінен 50төсектік инфекциялық стационар ашылады. Оған 18дәрігер,36орта буынды мед бике,36 кіші буынды қызметкерлер дайындалды.  Бір палата реанимациялық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Аурухананың инфекция бөлімшесіне орталықтандырылған оттегі беру үшін сметалық құжат жасалып, қаражаты шешілуде.

        Ауданымызда демеушілердің  көмегімен медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету  жалғасуда. 2020 жылдың 15 қазанында  демеушілік көмекпен Ақбақай «Алтын Алмас» АҚ-ынан  2 медициналық көпфункциалды төсек, 20 дана пульсооксиметр, 5 дана бесконтактный термометр, 2 дана ВМ емделуші мониторы, 1 дана автоматтық инфузиондық насос келді. 2 дана ИВЛ аппараты республикалық бюджеттен берілді, 2020 жылдың 6 қарашасында  Реаномобиль автокөлігі келді. Осындай індет кезінде өз еліне, өз халқына патриоттық сезіммен көмек көрсеткендері үшін  алғысымыз шексіз.

Жедел респираторлық инфекция мен тұмау маусымына 10160 адамға вакцинациялау жоспарланған, оның 500-і 6 ай мен 3жас аралығындағы балаларға салынатын ревакцинация, бүгінгі таңда 9660 доза вакцина жеткізіліп, медицина қызметкерлері мен жүктілерді және көрсетілім бойынша жоспарланған топтарға егу жұмыстары жасалынды. Бүгінгі таңга  9660 адамға екпе жасалды. Олар: 0-4жас 814, 5-14жас-218, 0-3жас-500, диспансерлік есептегі балалар -1050, оқушылар-1600, медицина  қызметкерлері -460, хрониктер-1118,15-29жас-641,30-64жас-1769,65жастан жоғары-1260,жүктілер-230. Ревакцинация-500 балаға (100%)салынды. Аудан бойынша халық санына байланысты вакцинацияның орындалуы- 31,6 пайызды құрайды. Қазан-қараша айларына амбулаториялық ЖРИ мен тұмау тіркелген жоқ. Ауруханаға жоспарлы түрде жатар алдында, міндетті түрде ПТР анализі алынады. 2020жылдың қараша айының 1-16 аралығында 318 ПТР анализі алынды, қорытындылары теріс(-) мәнді.

Құрметті аудан тұрғындары! Ауданда ЖРИ және өкпе қабынуы (пневмония) сырқаты болмау үшін- өздеріңізді, жақындарыңызды сақтаңыздар. Барлық қауіпсіздік шараларды орындаңыздар. Күнделікті қол жуу, спирттік антисептикті пайдалану, көп шоғырланған адамдар арасында бір реттік бетперде киіп, ара қашықтықты сақтау, балалармен, жүкті әйелдер, 65 жастан жоғары үлкен кісілер қыдыру, той-томалақ, асқа бару жақтарын шеттетсеңіздер. Қалаға, басқа көрші ауылдарға қыдыруға бармаңыздар, сырттан, басқа қалалардан қонақ келуге тыйым салыңыздар.

 

Б.ӘБІШЕВА,

аудандық орталық ауруханасы

бас дәрігерінің орынбасары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.