Еске алу шарасы өтті

0

Қазақстан Республикасы ІІО қызметкерлерінің қызмет бабында қаза болғандарды еске алу күніне  орай аудандық полиция бөлімінің «Міндет. Абырой. Ерлік» монументінің алдында бейбіт күннің «Халық қаһарманы» полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың, Мойынқұм аудандық полиция бөлімінде  қызмет еткен және қызмет көрсету барысында қаза болған милиция капитаны Амантай Бекбергенұлының, полиция майоры Саят Тілеубердиевтің, полиция аға сержанты Мұрат Базарқұловтың батырлары рухына тағзым ету  үшін саптық жиын өтті.

Алдымен мемлекеттік Әнұран ойналды. Жиналғандар қызмет барысында қаза тапқан қызметкерлердің өмір жолдары  туралы  айтып,  оларды бір сәт үнсіздікпен еске алды. Содан соң гүл шоғын қою рәсімі орындалды.

Жиында аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Жарас Тохабаев аталмыш күннің маңыздылығына тоқталып, полиция қызметкерлері арасында рухтылықты, имандылықты, отансүйгіштікті және жас буындардың арасында ынтымақтастық  пен патриоттық сезімді нығайтатындығын жеткізіп, бүгінде полиция қызметкерлеріне  қойылатын талап өте жоғары екендігін атап өтті. Әрбір полиция формасын киген азамат биліктің, заңның, әділеттіліктің көрінісін паш ететіндігін, қоғамдағы тәртіп, азаматтарымыздың тыныштығы мен өз өмірлерінің қауіпсіздігіне деген сенімі полиция қызметкерлеріне зор жауапкершілік жүктейтіндігін жеткізді. Бұдан соң  полиция бөлімі ардагерлер ұйымының төрағасы Алмас Садуов сөз алып, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне шынайы ризашылығын білдіріп, ізбасар әріптестеріне қызметте жеміс, дендеріне саулық, отбасыларына береке, елге тыныштық тіледі.

Жиын соңында  жиналғандар  естелікке  суретке  түсті.

Қуаныш КӨБЕНҒАРАЕВ,

Мойынқұм таңы,

Суретті түсірген автор.

Leave A Reply

Your email address will not be published.