Депутаттар марапатталды

0

      Өткен аптада аудандық мәслихаттың мәжіліс залында алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті ХХХХХХVIІІ-сессиясы болды. Оны сессия төрағасы №5 сайлау округінің депутаты Шакизат Акимов ашып, жүргізіп отырды.

       Сессия басталар алдында аудан әкімі Мәден Мұсаев сөз алып, ауданда атқарылып жатқан игілікті істерге депутаттардың қосып отырған үлестері көп екенін атап өтті. Сөйтіп, аудандық мәслихаттың депутаттарына «Ауданға сіңірген еңбегің үшін» естелік медальін тапсырып, оларға зор денсаулық, қызметтеріне табыс тіледі.

     Сессияда аудандық мәслихаттың хатшысы Шахикерім Исабеков  2020 жылы аудандық мәслихаттың атқарған жұмысы туралы есеп берді.

      Сондай-ақ сессияда Мойынқұм аудандық мәслихатының  хатшысы Шахикерім Исабеков, «Мыңарал-Тас Компани» ЖШС бас директоры Мұртаза Бұлұтай, еңбек ардагерлері Берікбол Жапаров, Уәйділда Омаров, Мәмбетхан Абданбаевтарға «Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы» атақтары берілді.

    Сессияда алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың келесі ХХХХХХІХ сессиясының төрағасы болып №6 сайлау округінің депутаты Тимур Күнтуған сайланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.