Ауыл жолдары жаңарып келеді

0

Үстіміздегі жылы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылының  әкімі  Қанат  Көпбаевтың  басшылығымен 2,5 км болатын  Биназар  көшесінің  жолын жөндеу  туралы  смета-сызба  жасалып қабылданды. Бірлік  ауылының  9  көшесінің жолы  жөнделіп  асфальтталды. 22 көшеге  жарық  шамдары  қойылды. Бірлік  ауылындағы  ең  ұзын көше Биназар көшесінің  ортасын  су  жүретін  канал  бөліп  тұр.  Осы  көшеде  жол  табаны (основаниесі)  жоқ  болатын. Биыл көшенің  күн  батыс жақ  бетін  жөндеу  жұмыстарын (мердігер)  Дәурен  Алпысбаев  деген  жас  жігіт, білікті  маман  қолға  алып, құм,  тас, шағал  төсеп асфальттады. Қуанышымызда  шек  жоқ. Көше  қариялары  Әтіркүл  Коренеева,  Салтанат  апай, көше  комитетінің төрағасы Кемпірбай  Сыздықбаев, Бақыт  Мырзатаев,  Оңалбай қажы Мүлкібаев  аталарымыз  аудан  әкімі М.Мұсаевқа, ауыл  әкімі  Қ.Көпбаевқа, жол  жөндеген  Д.Алпысбаевқа  шексіз  алғыстарын   білдірді. Көп  ұзамай  көшеміздің  екі  бетіне  де жарық шамдары  қойылды, жол  жөнделді. Көше  жарығы  тура  қаладағыдай кейіпке енді. Балалар да  мәз-мейрам. Жарық  астында  ойнап  жүр.  Халықтың  қамын  ойлаған  басшыларға  рахметтен  басқа  айтарымыз  жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.