Мерейлі  өлке – Мойынқұм

0

Жақында Мойынқұм  ауданының  құрылғанына  55  жыл толуына  байланысты аудан орталығында «Мерейлі  өлке—Мойынқұм»  атты  үлкен іс-шара өтті. Оған әр елді  мекендерден 4-5 адамнан  делегаттар, қоғам  белсенділері мен ардагерлер шақырылды. Аудан  әкімі М.Мұсаев жыл ішінде атқарылған  жұмыстарын баяндама түрінде емес, тікелей  халықпен  бірге  автобусқа  отырып,  жөнделген  көшелер, жаяу жүргінші жолдарын,  жасалып  жатқан  су  құбырлары, спорт  алаңын, аурухана  жақтағы шеткі  көшелерге ағын  су әкелетін лотоктарды, түрлі  ағаштар  отырғызылған  саябақтарды көрсетіп,  аз  қамтылған 6 отбасыға  жөндеуден  өткізілген  пәтер  кілтін тапсырды. Кірістер  басқармасы және  орталық  алаңға жөндеу  жұмыстары  жүргізіліп, үлкен  қаладағыдай экран қойылған. Сол алаңда  ауыл шаруашылығы өнімдері, марапаттаулар  беріліп, концерт қойылды. Бізбен  бірге  барған ардагерлер  кеңесінің  мүшесі, «Даңқты  құрылысшы» төсбелгісімен  марапатталған Ашимов  Айдар  ағайда «Мойынқұм  ауданына  сіңірген  еңбегі  үшін» төсбелгісін  алды. Бұл  біздің  ауылымыз  үшін үлкен  мақтаныш. Сонымен  қатар  көптеген  ардагерлеріміз  осы марапатқа  ие  болып, қуанып  қайтты.

Аудан  туралы  арнайы шығарылған «Мерейлі  өлке — Мойынқұм»  атты  фотоальбомды  алдық. Түрлі –түсті  суреттермен  көмкерілген альбом  қатты  ұнады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.