Жастар еңбектерінің жемісін көрді

0

Биыл көктемде  облыс  әкімі Б.Сапарбаев Мойынқұм ауданындағы Бірлік ауылына барып, ауыл  тұрғындары,  жастармен  кездесіп, суармалы  бос  жатқан  жерлерді  игеру  туралы  ұсыныс айтқан  еді. Ол үшін  Бішкекке  барып, су  алу  жөнінде  келісімге  келіп, судың анық болатынын  айтып  қуантқан  болатын. Артынша аудан  әкімі М.Мұсаев  бастаған  бір  топ аудан  басшылары келіп, бос жатқан 130 га.  жерді ауыл  жастарына, өз  келісімдерімен  бөліп  берді. Жастарды  жалқау деп  айтудан аулақпыз. Жер  бөліп алған  жастарымыз, күн-түн  демей  егетін тұқымдарын тауып, жерлерін  жыртқызып, арықтарын  қаздырып  егін  екті. Аудан әкімдігінің  ауыл шаруашылығы бөлімі  техникамен көмектесті. 3 ай еңбек еткен жастарымыз еңбектерінің  жемісін  көрді. Көл-көсір  жүгері, асқабақ, жоңышқа алып, әр отбасы шексіз қуанышқа бөленді. Олардың қатарында Гафур, Мұрат, Алмабек, Мейрамбек, Жақа, Абай, Біржан, Нұрбол, Нұрлан, Қалижан, Еркін, Ержан, Мұсақұл, Серік, тағы  басқа да ауыл жастары  бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.